• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
23 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №249 

309 рет
көрсетілді

2015 жылғы 27 ақпан, Астана қаласы Турагент, гид (гид-аудармашы), экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қосымшаға мәліметтер нысандарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 20-6) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес турагент қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қосымшаға мәліметтер нысаны; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес гид (гид-аудармашы) қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қосымшаға мәліметтер нысаны; 3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес экскурсовод қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қосымшаға мәліметтер нысаны; 4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қосымшаға мәліметтер нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаменті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _________________ Е.ДОСАЕВ 2015 жылғы 24 сәуір Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №249 бұйрығына 1-қосымша Нысан Турагент қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қосымша мәліметтер Туризмнiң ұйымдық нысандары: 1) халықаралық туризм __________________________________________________________________________ . (келу және/немесе шығу туризмін көрсету) 2) ішкі туризм ___________________________________________________________________________________ . Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №249 бұйрығына 2-қосымша Нысан Гид (гид-аудармашы) қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қосымша мәліметтер 1. Экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдастырушылық қызметін көрсететін өңір ______________________________ 2. Экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдастырушылық қызметін көрсететін тіл(-дері) _________________________ . (гид-аудармашы үшін) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №249 бұйрығына 3-қосымша Нысан Экскурсовод қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қосымша мәлімет Экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдастырушылық қызметін көрсететін өңір _________________________________ . Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №249 бұйрығына 4 қосымша Нысан Туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қосымша мәлімет Туристік маршруттармен жүріп өту тәжірибесі ______________________________________________________ . Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 28 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11209 болып енгізілді.